МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛАДЫ
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының мәліметіне сәйкес мемлекеттік сатып алу саласындағы мүгедектер ұйымдарының құқықтарының сақталуына бағытталған шараларды жүзеге асырылып келеді.
Жыл басынан облыстық мекемелерге заңдылық аясындағы мүгедектер бірлестіктеріне қатысты нормалар бойынша хаттар жолданып, мониторинг жүргізілуде.
- Осыған дейін атқарылған жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында 450 млн 610 мың теңгеге 219 мемлекеттік сатып алу өткізілді. Оның ішінде 272 млн. 227 мың теңгеге өткізілген сатып алу бойынша қоғамдық бірлестіктер жеңімпаз болса, оның 190 млн. 409 мың теңгенің мемлекеттік сатып алуын, яғни 70%-ын облыста тіркелген қоғамдық бірлестіктер жеңімпаз болды, - дейді облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанзира Ерсейітова.