МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖОСПАРЫ АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ
Қызылорда облысында аймақтың шаруашылығы құрылымдары мал азығын дайындау жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге 155 мың тонна жоңышқа және 440 мың тонна табиғи шөп дайындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Жаханов мәлімдеді.
Оның айтуынша облыс бойынша 2017 жылдың 1 шілдесіне 313,9 мың бас мүйізді ірі қара, 784,7 мың бас қой мен ешкі, 122,6 мың бас жылқы, 44,8 мың бас түйе, 3,1 мың бас шошқа және 95,2 мың бас құс өсірілуде.
- Облысымызда 6 айдың қорытындысы бойынша мемлкеттік «Сыбаға» бағдарламасының жоспары 101,6%-ға, «Алтын асық» - 115,3%-ға, «Құлан» бағдарламасы 75,2%-ға орындалды, - деді Бахыт Жаханов.