ЖАТТЫҒУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТ ОРЫНДАЛДЫ
Қызылорда облыстық балалар ауруханасының ғимаратында өрт сөндірушілер шартты өртті жойды. Бұл туралы Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.
Жаттығу жоспарына сәйкес, өрт емхананың екінші қабатында дәрі-дәрмектер кабинетінде орын алды. Ғимарат аурухана құрылысының бірі болып табылады. Күшті түтін балалар жүрген медициналық ғимаратқа отты тарату қаупін тудырды.
Аурухананың қызметкерлері дереу «101» өрт сөндіру қызметіне хабарласты және науқастарды эвакуациялауға кірісті.
Күрделілігі жоғары іс бойынша шартты өрт орнына өрт сөндіру бөлімшелерінің, жедел топтардың және қаланың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерінің кезекші күзетшілері дереу келуді бастады. Шартты өрт орнында өрт сөндірушілер қызметінің кезекші қызметкерлерімен өрт сөндіру бөлімшелерінің және жедел қызметтің әрекеттерін біріктіретін өрт сөндіру штаб ашылды.
Өртпен күресушілер бірнеше бағытта әрекет етті: бір топ автосатының көмегімен шартты жәбірленушілерге эвакуация жүргізді, ал екіншісі бұл кезде жауынгерлік қанат жаюды іске асырды, сумен жабдықтау қайнар көзіне қосылды және өрт сөндіру құбыртүтіктерін жану көзіне жүргізді.
30 минут ішінде шартты өрт жойылды. Жаттығу қатысушыларына қойылған міндет орындалды.
Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е.Макашев балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән беріледі, сондықтан да жаттығу өткізу үшін барлық облыстан кішкентай балалар жіберілетін дәл осы балалар ауруханасы таңдап алынды деп айтып өтті.
«Әлеуметтік инфрақұрылым нысанындағы төтенше жағдайларды жою кезінде бірінші кезектегі күштердің әрекетін және Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі шараларын пысықтау өрт сөндірушілер жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады, - деп айтты ол.
Жаттығу қорытындысы бойынша аурухана мекемесінің қызметкерлерімен қосымша нұсқамалар өткізілді. Жаттығуға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынынан 40 адам қатысты, 7 бірлікті техника жұмыс істеді.