«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ М.НӘЛІБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТУДЕ
Кеше Жаңақорған ауданы Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейін жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, шағын-футболдан және волейболдан облыстық ашық турнир басталды.
Машбек ауылында М.Нәлібаевты еске алуға арналған бұқаралық-спорттық жарыстардың салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсімінде аудан әкімі Ғалым Әміреев, ҚР Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев, КСРО және ҚРЕСЖ Марат Жақыт, М.Нәлібаевтың ұлы Әлібек Нәлібаевтар сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетерлігі, айтулы жарыстар биыл жаңадан салынған №196 орта мектептің спорт залында және спорт алаңдарда өтуде. Жарыс жеңімпаздары бүгін белгілі болады.
Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 16 команда, 200-ге жуық спортшылар 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. М.Нəлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен ҚРЧ 3-орынды иеленген спортшылар белгілі болды. 55кг. Ербол Алдухан (Алматы обл.), Нұр Аманшүкіров (Жамбыл), 60кг. Нұржан Теміржанов (Астана), Дамир Абдеков (Қызылорда), 66кг. Абылайхан Шаратов (Атырау), Сағындық Əшім (Астана), 74кг. Мерей Советкақин (ШҚО), Руслан Мұсаев (Маңғыстау), 82кг. Ерасыл Жанатаев (Алматы қ.), Мəди Амангелді (Астана), 90кг. Əлфараби Бекқұлы (ОҚО), Мерей Бердіғали (Алматы қ.), 100кг. Олжас Сүлейменов (БҚО), Нұржан Ерехан (ОҚО), +100кг. Айбек Қалибеков (ШҚО), Нұрдаулет Жарылғапов (Маңғыстау).
Бүгін қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасында халықаралық турнир өтеді. Оған Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан палуандар бақ сынасады. Сондай-ақ, жастар арасында да «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылмақ. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, грамота, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады.