ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ» ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың тамыз айының 23-25 күндері аралығында «Конституция» күнінің қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшірілді.
Аталған іс-шараға ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның бірінші күнінде барлығы 705 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 11 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 114 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 73 жүргізушіге, жылдамдықты шамадан тыс асырып басқарған 58 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша 76, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 53 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.
Уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 42 азамат жеткізілді.
Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін ТМД елдерінің 60 азаматына шара көрілді.
Тәулік ішінде 5 қылмыстың беті ашылып, заңсыз айналымнан 1 кг. 241 гр. есірткі заты алынды.
Айтарлық, Айдарлы ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жердегі жыңғыл арасынан есірткі алқабы анықталды. Егістіктен жалпы салмағы 30 кг.-ды құрайтын 600 түп сора өсімдігі айғақ зат ретінде алынып, сараптама қорытындысымен «сора өсімдігі» екендігі бекітілді. Оқиға орнынан аталған өсімдіктерді күтіп-баптап жатқан жерінен 1979 жылы туылған қала тұрғыны ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі