АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау барысында Қызылорда обылсында азаматтардың өтініштерін қарау жұмысын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев, бас прокурордың аға көмекшісі С.Сүлеймен және облыс прокуроры Х.Дәуешов қатысып, құттықтау сөздерін сөйледі.
Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов орталықтың заманауи техникалық құралдармен жабдықталған, әсіресе, ең алдымен, келушілерге ыңғайлы жағдай жасалып, кешенді сервис көрсетіледі. Көмекке жүгінген азаматтардың проблемалары алқалы түрде шешілетінін атап өтті.
Осы мақсатта орталықта прокурорлармен қатар басқа да органдардың өкілдері қызмет етеді. Орталықтың басты мақсаты – азаматтарды жедел, айқын түрде құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Онда бір топ кәсіби мамандар (прокурор, адвокат, медиатор мен әкімдік өкілдері) тегін көпсалалы құқықтық көмек көрсететін болады.
Заманауи орталық толықтай электронды жүйемен жабдықталып, «бір терезе» қағидатына негізделген.