ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ 1,2,3 КҮНДЕРІ ТОЙЛАНАДЫ

Айт күндері аймақ мешіттерінің жанынан санитарлық талаптарға сай қасапхана жұмыс істейді.
Баспасөз конференциясында Құрбан айт мейрамында өтетін шаралар туралы айтылды.
«Айттың алғашқы күнінде орталық мешіт алаңында киіз үйлер құрылып, дастархан жайылады. Көпшілікке арнап ұлттық сайыстар, айтыс өткізіледі. Ал 27 тамыз күні сағат 11.00-де С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Ұлық мереке – Құрбан айт» атты рухани кеш өтпек», - деді облыстың өкіл имамы Талғат Омаров.
