СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕРІМЕН ТӘНТІ ЕТТІ
Қызылорда облыстық филармониясы жыл басынан бері 107 концерт ұйымдастырып, оған 31662 көрермендер тартылған. Бұл туралы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Абдрахманов мәлімдеді.
- Ағымдағы жылдың сәуір айында Әзірбайжан Республикасында Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері ұйымдастырылып, Баку, Шеки қалаларында Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының және облыстық филармонияның концерттері мен қойылымдары ұсынылды. Сондай-ақ, Сыр өнерпаздары ағымдағы жылдың мамыр айында Ташкент, Орынбор қалаларында гастрольдік концерттер өткізді, - басқарма басшысы.