ҚЫЗЫЛОРДАДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ҮЙЛЕР САНЫ 55 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше 2017 жылдың 1 қаңтарына республикалық бюджеттен, қайтарымды қаражат пен аудандық бюджеттен бөлінген 3,5 млрд.теңгеден аса барлығы 160 үй жөндеуден өтті.
Нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 2011 жылғы 73 пайыздан 2016 жылы 55 пайызға төмендеді.
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр.