АЛҒАШҚЫ ОРЫМ БАСТАЛДЫ
Жалағаш ауданында алғашқы орым басталды. Күрішке алғашқы болып орақ салған шаруашылықтар қатарында Мәдениет ауылдық округінен «Жігер» фермерлік қожалығы, Еңбек ауылдық округінен «Атамекен» шаруа қожалығы, Аққұм ауылдық округінен «Аққұм-Жер» ЖШС, «Абзал Ж» ЖШС, «Жамбыл», «Бірлік А» шаруа қожалықтары.
Аққұм ауылдық округіндегі «Абзал Ж» ЖШС-нің 300 гектар аумақты қамтитын егістік алқабы бітік шығып, диханшылардың еңбегі ақталды. Орымға қатысқан ауыл ардагерлері ақ батасын беріп, ендігі кезекте астықты ысырапсыз жиып алуға тілектерін білдірді.
Айта кетер болсақ, Аққұм ауылдық округіндегі ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шаруашылықтар биылғы жылы 2572 га күріш, 120 гектар жаздық бидай, 20 гектар арпа, 348 гектар жаңа жоңышқа егіп, 644 гектар ескі жоңышқа дақылын күтімге алды.
Округтегі Аққұм-Жер ЖШС, Бақдаулет ШҚ, Жамбыл ШҚ, Бірлік-А ШҚ-ры жаздық бидайды, ескі жоңышқаны 2 рет, жаңа жоңышқаны 1 рет орып, жинады.