ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Сағатбек Сүлеймен қатысты.
-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында әрбір қазақстандықтың санасын, қоғамды тұтастай жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өтті. Бұл - прагматизм, сананың ашықтығы, сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілік. Бүгінгі ашылып отырған орталықтың да басты міндеті - атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа орталықтың ашылу салтанатында.
Орталық "бір терезе" қағидаты бойынша арнайы орындармен және қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Мұнда жеке және заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер прокуратура, ішкі істер, әділет органдары, әкімдік қызметкерлерінен, адвокаттардан, медиаторлардан қажетті кеңестер ала алады.
