ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА 11 БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

Ақын Зейнолла Шүкіровтың 90 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасы, фольклорлық ансамбльдердің байқауы, Елбасының Жолдауын насихаттауға арналған мәдени үгіт-бригадаларының және клуб қызметкерлерінің байқауы, «Бозторғай» балалар шығармашылығы мен балалар тақырыбына ән жазатын композиторлардың конкурстары және «Экспо 2017» халықаралық көрме аясында «ЭКСПО қарсаңындағы Қызылорда» атты облыстық әуесқой кино-фото түсірушілердің байқауы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы қарсаңында «Жайнай бер, Қызылорда» атты республикалық суретшілер симпозиумы.
Сондай-ақ, жас таланттар мен өнерлі бүлдірішіндеріміз өнерпаздар республикалық, халықаралық деңгейде өткен байқауларға қатысып, үлкен жетістіктерге жетуде.