ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ АСТАНАҒА АТТАНДЫ
Облыс әкімінің қолдауымен, облыстық "Ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қармақшы ауданынан 25 ардагер Астана қаласында өтіп жатқан "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалуға аттанды.
Шығарып салу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов ардагерлерге игі тілегін айтса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдаулетов, Батыр ана А.Бөлекбаева, еңбек ардагері А.Пірімжаров игілікті шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Ардегерлер бірінші күні Астана қаласының айшықты орындарын араласа, екінші күні "ЭКСПО-2017" көрмесінің кереметтерімен танысатын болады.