ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БАҚЫЛАУДА

«Заңсыздық негізінен дәрілік заттарды сақтау және сату ережелерін бұзу, дәрі-дәрмектерде тегін белгісінің болмауы, жарамдылық мерзімдерінің өткендігі орын алған. Сондай-ақ, емдеу мекемелерінде келесі жылдың дәрілік заттарға қажеттілігі дұрыс анықталмаған», - дейді департамент басшысы.
Дәрілік заттардың бағаларын тұрақты ұстау туралы меморандум осы жылдың 31 желтоқсанына дейін іске асады. 2016 жылдан осы уақыт аралығында дәрілік заттардың бөлшек сауда бағалары орташа есеппен 14,4% көтерілген.
Сонымен қатар, баспасөз конференциясында Елбасы Жолдауының туындаған міндеттердің орындалуы, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің атқарылуы жайында да айтылды.