РЕЙДТЕР ЖҮРГІЗІЛДІ
Шаңды дауыл мен ыстық ауа райына қарамастан, демалыс және жұмыс күндері Қызылорда облысында Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Сырдария өзені жағасындағы демалушылар мен қонақтарға судағы қауіпсіздікті сақтау туралы рейд жұмыстарын дауысзорайтқыш құралымен үгіт-насихат түрінде жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – шомылу маусымындағы су қоймаларында адам өлімінің алдын алу.
Жедел мәліметтер бойынша Қызылорда облысы аумағында шомылу маусымында облыстың су қоймаларында суға батып кеткендер саны 25 адам, соның ішінде 7-еуі бала.
Адамдардың қаза болуының басты себебі: суға шомылуға тыйым салынған жерлерде суға шомылу; балалардың қараусыз қалуы; рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылу. Аталмыш іс-шара барысында судағы төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы 1000-нан астам жадынамалар таратылды.
Облыс тұрғындарынан, демалушылары мен қонақтарынан Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұрайды және өздеріңіз бен жақындарыңыздың өмірлеріне қауіп төндірмеңіздер! Судағы жүріс-тұрыс қағидаларын қатаң ұстанып, абай болыңыздар! Бұл жағдайларды сақтасаңыздар, қайғылы оқиғаны болдырмауға көмектеседі және суға шомылу немесе балық аулау кезіңде мынадай қарапайым ережелерді сақтағандарыңыз абзал:
- жүзе алмасаңыз, терең (белден жоғары) жерге бармаңыздар.
- мас күйінде және тойып тамақ ішкенде суға түспеу керек. Алкогольдік ішімдік ішкен кезінде адамның жүрек соғысы және тыныс алу жолдары әлсіреп, адам организмі өз-өзін бақылауға ала алмайды. Судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болыңыздар!
- суға шомылуға болмайтын аймақтарда, сырын білмейтін орындарда суға түспеңіздер. Тексерілмеген және терең үңгірлі, ағысы қатты, лайлы су қоймаларында суға түсу адам өліміне алып келуі мүмкін.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы