СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қала әкімдігінің жұмылдыру бөлімімен бірлесіп, 2017 жылғы 21 тамызда Cу тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында командалық-штабтық оқу-жаттығу мен саптық қарау өткізілді.
Cаптық қарау кезінде Қызылорда қаласындағы 15 бағыттағы азаматтық қорғаныс қызметінің (өртке қарсы қызмет, медициналық қызмет, ақпараттық қызмет, азық-түлік және сауда қызметі, инженерлік қызмет, радиациялық және химиялық қорғаныс қызметі, энергетикалық қызметі, жанар-жағар май қызметі, өсімдіктер мен жануарларды қорғау қызметі, байланыс қызметі, қоғамдық тәртіпті қадағалау қызметі, көлік қызметі, көпірлер мен жолдар қызметі, техникалық қызмет, Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі), Сырдария өзенінің бойына бекітілген 19 мекеменің, 9 кент пен ауылдық округ әкімшілігінің 157 адамы мен 112 техникасының су тасқыны кезіндегі дайындығы қаралды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы әр қызметке өз бағыты бойынша нақты тапсырма берді.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы