БЕЛКӨЛ КЕНТІН ГАЗДАНДЫРУ ҮШІН ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ
Биыл Қызылордада облыстық бюджеттен Белкөл кентін газдандыру үшін қаржы қарастырылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.
Оның айтуынша «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырына бұрма-газ құбырының құрылысы» жобасының құрылысына 2017 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
2018-2020 жылдары 12 жоба бойынша ҚР Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды. «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газқұбыры)» құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу тәсілі арқылы конкурс жұмыстары жүргізілуде.