НӘТИЖЕЛІ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
БҰҰ-ы (ЮНИСЕФ) Балалар қорынан Фиакра Макаси бастаған делегациясы мен Қазақстан бойынша үйлестірушісі Анар Ізден Қызылорда қаласындағы №11 мектеп-лицейдің жаңаша бастамаларымен танысты.
2016-2017 оқу жылында №11 мектеп-лицей ұжымы мен директоры Б.Әбиев «Энергияны пайдаланудың тиімді жолдары», «Жылыжай және құстар бағы» халықаралық жобалар конкурсына қатысып, грант иегері атанған болатын.
Бұл жобалардың тиімді жақтарына тоқталатын болсақ, жылыжайда өнім ала отырып, оқушыларды еңбекке баулу және құстардың тыныс тіршілігімен таныстыра отырып, ғылымға деген сүйіспеншілігін арттырады және күн сәулесі энергетикасын ілгерілетуде бағасы мен саны жағынан қолжетімді және күн сәулесі батареяларын шығаруға мүмкіндік беретін жобалар. Бұл жобалар қазіргі күні жүзеге асырылып, өз нәтижелерін көрсетуде.