БАЛЫҚТЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС БЕРІЛДІ
Жақында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ғимараты - Табиғат үйінде мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен «Қызылорда облысы көлемінде жабайы жануарлар мен балықтардың жаппай қырылуының алдын алу» жөнінде жиналыс өтті. Жиналыс барысында «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Арал филиалының директоры Зауалхан Ермаханов балықтың жаппай қырылуының алдын алу жөнінде нақты ұсыныс беріп, хаттамаға енгізілді. Сонымен бірге, жиынға қатысқан Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Ғалымжан Әшімов пен «ОӨАЖҚЖ» ММ басшысының орынбасары-құтқарушы Мейрамбек Доспенбетовке құтқарушылардың басты мақсаты ретінде – балықтардың қырылу қаупінің алдын алу жұмыстары кезінде адамдардың судағы қауіпсіздігін сақтауын қадағалауы қажет екендігі айтылды.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы