МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЮДА
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Абдрахманов баспасөз мәслихатын өткізді. Онда басқарма басшысы мәдениет саласындағы соңғы алты айда атқарылған жұмыстарының есебін берді.
Бүгінде облыстағы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді.
Ержан Ахметұлының айтуынша облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі музыкалық аспаптар және шығармашылық ұжымдарға концерттік костюмдермен толықтырылды. Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылғын дамыту орталығына дыбыс күйшейткіш және жарық беру аппаратурасы мен LED экран алынып, материалдық базасы заманауи техникамен нығайтылды.
- Елді мекендердегі мәдениет үйлері мен клубтарға да жергілікті (аудандық, қалалық) бюджеттерден қаржы бөлініп материалдық техникалық базалары да біршама нығаюда. Атап айтсақ, Арал ауданында 2 клубқа, Қазалы ауданында 5 клубқа, Қармақшы ауданында 4 клубқа дыбыс күшейткіш аппаратуралары, Жалағаш, Жаңақорған аудандық және Қызылорда қалалық мәдениет үйлеріне ЛЭД экрандар алынды. Қармақшы ауданындағы жыраулар үйі сахна киімдері, концерттік костюмдер және ұлттық аспаптармен жабдықталды. – дейді басқарма басшысы.