ШАПАҒАТТЫҚТАР МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ
Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі, «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығы, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі және «Қайырымды жандар» еріктілер тобының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шарасы болып өтті. 1995 жылы БҰҰ аясында алғашқылардың бірі болып ҮЕҰ ретінде құрылған «Шапағат» орталығының 22 жылдығы мен мектепалды даярлық «Тілашар» тобына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
«Шапағат» орталығы қазіргі таңда Республикаға белгілі, ауданымыдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтандырумен қатар, оқу-тәрбие саласында айтарлықтай жетістікке жеткен іргелі шаңырақ.
Шара барысында, «Шапағат» орталығының бірқатар қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хаттармен мараппаталды. Сондай-ақ «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өкілі С.Даминов мектеп жасына жеткен оқушыларға мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етті. Өздеріңіз білетіндей, мұнай компаниясы көптеген жылдар бойы оңалту орталығына көмектесіп келеді.
Сонымен қатар осы игі шараның ұйымдастырылуына демеу болған барша мейірімді жандарға алғыс айтамыз.