ҚАЗАЛЫДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Қазалы ауданында алдағы қыс-көктем айларындағы болуы ықтимал су тасқынының алдын алу мақсатында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға аудан әкімінің аппараты, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы, азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару қызметтерінің және азаматтық қорғаныс құрамалары, ұйымдар, мекеме-кәсіпорындар қатыстырылды.
Оқу-жаттығудың саптық қарауына 52 техника, 180 жеке құрам, 29 жасақ тұрғызылды. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры А.Марданов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері, капитан А.Тоғызбаев қатысып, қызмет басшыларының оқу-жаттығуға дайындық баяндамасын тыңдап, күш-құралдардың дайындығын қарады.