ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ 25 КӨЛІКПЕН ТОЛЫҒАДЫ
Өткен жылы жедел жәрдем қызметін жетілдіру мақсатында облыстық статусы беріліп, аудандық жедел жәрдем бөлімдері біріктірілді.
Салаға «Көмек» бірыңғай ақпараттандыру жүйесі қызметі енгізілді. Бір минутта 30 қоңырауға дейін қабылдау мүмкіндігіі туды. Облыс бойынша 106 бірлік санитарлық автокөліктерге бақылау жүйесі орнатылды (GPS). Сонымен қатар, жедел жәрдем станциясында қосымша 3 бригада, трасса бойында 12 тірек пунктері ашылды. 264 медициналық қызметкерлер жедел жағдайларда көмек көрсету дағдыларына оқытылған. Жол-көлік оқиғасы тіркелген жағдайда бригада жету уақытын азайту мақсатында картография жасалып, аутсорсингке 10 автокөлік алынды және жыл аяғына дейін лизингке 25 автокөлік алынады.