ТКШ-НЫ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖЫЛ САЙЫН 200 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ - ЕЛБАСЫ
2020 жылға дейін ТКШ инфрақұрылымы мәселесі толық шешіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауында айтты.
«Бүгінде елімізде ТКШ инфрақұрылымы қаншалықты тозғанын баршамыз білеміз. Инвестицияға деген жалпы қажеттілік екі трлн. теңгеден кем емес. 2020 жылға дейін жыл сайын бұл мақсаттарға барлық қаржы көздері арқылы 200 млрд. теңгеден кем емес қаржы бөлінеді», - деді Президент.
Бұл орайда Елбасы осы көлемде қаржы бөлінсе, 2020 жылға дейін бұл мәселе толығымен шешілетіндігін қадап айтты. Бүгінде ТКШ-ні жаңғырту инвестицияларына Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үлкен қызығушылық танытып отыр.
«Ұзақмерзімді инвестициялық тарифтерді ұсыну арқылы оларды барынша тартуды қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің елеулі көлемде артуына жол бермеу үшін осындай жобаларға мемлекеттің қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу және сумен қамтамасыз ету желілерін жаңғырту қарқынын арттыруға бюджетте қарастырылған қаржыларға жыл сайын қосымша 100 млрд. теңгеден бағыттау тиімді болады», - деп түйді Мемлекет басшысы.