МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР
Қызылорда облысындағы 3 мәдени мекеменің күрделі жөндеу жұмыстарына биыл облыстық бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Бүгінгі күні облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы мен Жалағаш аудандық архиві мекемесінің жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Абдрахманов мәлімдеді.
Ал, Н.Бекежанов атындағы драма театрының жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін жалғасады. Театрдың кезекті маусымы 8 қыркүйекте «Абай» спектаклімен ашылмақ.
Сонымен қатар, Жалағаш аудандық мәдениет үйі және 2 ауылдық клубқа (Сырдария ауданы Жетікөл, Шиелі ауданы Жөлек) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.