БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚҚАНАН КЕЙІНГІ МЕНІҢ ӨМІРІМ
Жуырда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/1 мекемесінің психологі Жұматаева Жадыра Болатбекқызының ұйымдастыруымен мекеменің психологиялық босаңсу бөлмесінде шаруашылық бөлімінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімделу мен оңалту орталығының» психологі О.Дильмановтың қатысуымен «Бостандыққа шыққанан кейінгі менің өмірім» тақырыбында тренингі өткізіп, азаматтарды жеке қабылдап, психологиялық көмек көрсетілді.
Жазасын өтеуші сотталған азаматтарға психологиялық көмек көрсету негізінде - тұлғаның толғандырып жүрген мәселелерді шешу бойынша ақыл-кеңестер берілді. Тренингтің негізгі принципі қарым-қатынастың белсенді стилін меңгерту, нәтижелі қарым-қатынас жасау іскерлігін шыңдау, сенімді қарым-қатынас стилін және өзге адамдарды түсіну дағдысын қалыптастыру. Шара барысында жазасын өтеуші сотталған азаматтар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды. Алдағы уақытта осындай кездесулер, психологиялық кеңестер, тренингтер өз жалғасын табатын болады.