ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН ТАС ҚОБЫЗ ТАБЫЛДЫ
Археологтардың болжамы бойынша бұл жәдігер оғыз дәуіріне тиесілі екен.
Ал Сортөбе қаласы 9-10 ғасырларда болған. Портты қала ретінде тіршілігі қызған шаһар. Қазір ежелгі мекеннің 60 пайыз бөлігін су шайып кеткен. Құнды жәдігерді археологтар Сортөбе қалашығының үшінші қабатын қазу кезінде тапты. Қобыздың көлемі – 40 сантиметр. Зерттеушілердің айтуынша, тас мүсін құмшауыт тастан қашалып, моншақтармен әрленген. Ғалымдар егер қала толық аршылса, Қорқыт бабаға қатысты жаңа деректердің шығуы мүмкін екенін айтты. Сырдарияның негізгі арнасы қаланы салған кезде Сортөбеден алыстау болған.
Ал қазір су шайған қаланың ұзын қимасы мен бір бұрышы ғана қалды. Енді тек көне шаһарды зерттеу жұмыстарын жүйелі қолға алып, жәдігерлерін мұражайға тапсыру керек.
Ағабек Назаров, өнертанушы:
-Қобыз бейнесіндегі тастан жасалған қобыздың сұлбасы. Өзім суретші ретінде мұның қобыз екенін білдім. Әркім әртүрлі жорамал жасай береді. Бірақ қағаз бетіне біркелкі түсірген кезде айқын көрінеді. Басқа адам көретін болса әрнәрсеге көз тартып кетеді. Табиғи деп айтайын десек табиғиға келмейді. Арты жонылған. Мына жақтары теп-тегіс, жылтыр етіп өңделген.
Сергей Болелов, Мәскеу мемлекеттік шығыс музейінің аға ғылыми қызметкері:
-Бұл жер қыстақ болуы мүмкін. Себебі халық осында, дарияның жағасына малға жайлы, шөбі шүйгін болғандықтан тұрақтаған. Негізі ескерткіштің 4 мәдени қабаты бар. Оғыз мәдениеті Жетіасар мәдениетімен байланысты. Жалпы мұндай мәдени ескерткіш Орталық Азияда жоқ.