ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасының орынбасары Б.Досманбетовтың төрағалығымен Достық үйінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша облыс бюджетінің атқарылуы туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаевтың есебі тыңдалды.
Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары отырыс барысында көтерілген мәселелердің ескерусіз қалмайтынын, қадағалауда болатынын айтты.
Жиын соңында Б.Досманбетов алдағы уақытта облыстық Қоғамдық кеңестің жұмысын белсенді түрде жүргізу, жақсарту мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын тыңдады. Берілген ұсыныстарды комиссияның алдағы отырысының күн тәртібіне қарап, осы мәселеге белсенділік танытуын сұрады.