КҮРЕ ЖОЛДАҒЫ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
ҚР ТЖМ-нің 2010 жылдың 5 наурыздағы №79 бұйрығына сәйкес «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы құрылды.
2014 жылғы 6 тамыз күні Қазақстан Републикасы Президентінің жарлығымен №875 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік реформасы» ҚР ІІМ ТЖК құрамына енгізілді.
Қазіргі уақытта аталмыш филиалға басшы – дәрігер Қаракөз Балабекова басшылық етуде.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» Мемлекеттік мекемесінің негізгі мақсаты - күнделікті ақпарат алып, облыс көлемінде төтенше жағдай кезінде халыққа жедел медициналық көмектің көрсетілуін қадағалау. Төтенше жағдай туралы ақпараттарды Денсаулық сақтау басқармасына, Төтенше жағдай департаментінің «Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасына», Республикалық «Апаттар медицинасы орталығына» жедел беріп отырады.
Әйтеке би, Жосалы, Шиелі күре жолдық медициналық құтқару бекеттеріндегі медицина мамандары күре жол бойында тынымсыз еңбек етіп келеді.
Есепті мерзімде Шиелі, Жосалы, Әйтеке би барлық күре жолдық медициналық құтқару бекеттерінде 122 - жалпы хабарламалар берілді, хабарлама арқылы 58 рет медициналық көмек беруге шықты, өздігінен келіп көрінгендері 64 адам, 136 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 11 жол көлік оқиғасы кезінде құтқару жұмысына атсалысып, оның ішінде 22 зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті, 47 рет медициналық көмек беруге шығып, 35 адам тасымалданды, 24 адам ауруханаға жатқызылды.
Филиалдың шұғыл әрекет ету бригадасы 2017 жылғы 18-20 қаңтар күндері «Крещение Господне» мейрамы өту кезінде облыс су айдындарында төтенше жағдай орын алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін, ТЖД және бағынысты мекемелерімен бірлесе отырып, кезекшелікке тұрып, медициналық көмекке жүгінген 2 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
2017 жылғы 20-21 қаңтарда «Қыс-2017» облыстық командалық-штабтық оқу жаттығуға филиал қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығу тақырыбы: «Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» болды.
2017 жылғы 9 ақпанда Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №31 мекен жайда орналасқан «Болашақ» Университетінің Студенттер сарайында, «Нұр Отан» партиясының, Қызылорда қалалық филиалының бірінші орынбасары Шәріп Акбарұлы Әбдірахманов пен партия ардагері Сайлаубай Әбішевтің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына кезекті Жолдауы бойынша арнайы құрылған ақпараттық топтың өкілдерімен түсіндірме жұмыстарына филиал қызметкерлері қатысты.
2017 жылғы 25 ақпанда Қызылорда қаласының орталық алаңында «Нұр отан ғимараты алдында «Төтенше жағдайлар қызметі жөнінде сіз не білесіз?» тақырыбындағы акцияға шұғыл әрекет ету бригадасы мен психологы қатысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар көрмесін ұйымдастырды.
2017 жылдың 27 ақпанында ҚР ІІМ ТЖК Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және оның бағынысты мекемелері арасында «Халықаралық Азаматтық қорғаныс» күніне орай футболдан жарысқа қатысып ІV-орын иеленді.
1 наурыз күні филиалдың бөлім басшысы-дәрігер А.Есахаев, психолог Ж.Досаева Қызылорда облысы Білім басқармасы «Дарын» ғылыми-практикалық орталығында «ТЖ кезіндегі жедел психологиялық және алғашқы медициналық көмек» тақырыбында ТЖД қызметкерлерімен бірлесе отырып, 16 мектептің 412 оқушысына интерактивтік сабақ және 2,3 наурыз күндері «Болашақ» медициналық колледжіне, «Ұлағат Қызылорда» колледждеріне ашық сабақ өткізді.
12 мамырда Қызылорда медициналық колледждің 2 курс №52 топ студенттеріне (52 студент) «Ашық есік» күні өткізілді. Іс шара барысында «Апаттар медицинасы орталығы» ММ ашылу тарихын, жұмыс барысын, табиғи және техногенді ТЖ кезінде алғашқы медициналық және психологиялық көмек түрлеріне филиалдың бөлім басшысы-дәрігер А.Есахаев және филиал психологы Ж.Досаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар филиалдың медициналық құрал жабдықтарымен танысты және Қызылорда облыстық ТЖД мұражайында болып, мекеменің тыныс тіршілігінен хабардар болды.
«Дүниежүзілік донор» күніне орай, филиал қызметкерлері 2017 жылдың 15 маусым күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен» бірлесе отырып, қан тапсырды.
Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында «Хазірет Әли» мешітінің наиб имамы Сейдалиев Мырзахожа, Облыстық психоневрологиялық ауруханасының дәрігер-психологы Нұрбаева Лаззат Алмасқызының қатысуымен «Суицид және оның алдын алу» тақырыбында, Қызылорда ТЖД-нің жеке құрамы, Әйтеке би, Шиелі, Жосалы күре жолдық медициналық құтқару бекеттері қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарына «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтата бер!», «Улы газ туралы», «Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектілер», «Қырым Конго Гемморигиялық қызбасының клиникалық көріністері және диффиренциалды диогностикасы», «Жарақат кезіндегі алғашқы көмек», «Суға шомылуда сақтық керек» тақырыптарында мақалалар жарық көрді.
«Көмір қышқыл газынан улану кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек», «Шок және оның түрлері, алғашқы медициналық көмек», «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы», «Жарақаттар және оның түрлері, алғашқы медициналық көмек», «Құтыру және оның алдын алу», «Реанимациялық көмек көрсету тәсілдері» т.б. тақырыптарында семинарлық, және «Тұмау мен суық тиюдің алдын алу денсаулықтың негізгі кепілі», «Неотложная помощь при ожогах», «Отморожения признаки и первая медицинская помощь», «Көмір қышқыл газынан улану», Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер», «Төтенше жағдайлар аймағында жедел психологиялық көмек көрсету», «Зақымданудан кейінгі стрестік бұзылыстар туралы жалпы түсінік», «Өз-өзіне қол жұмсау, өз-өзіне қол жұмсаудың себептері мен оның түрлері мен оның алдын алу», «Суицид және оның алдын алу», «Как уберечь от самоубийство», «Влияние психоактивных веществ на психику», «Агрессия в межличностных отношениях», Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тақырыптарында лекциялар оқылды.
«Төтенше жағдайлар кезіндегі жедел психологиялық және алғашқы медициналық көмек» тақырыбында Қызылорда облысы «Болашақ» медициналық колледжінде, Қызылорда «Ұлағат» колледжінде ашық сабақтар өтті.
2017 жылғы 29 маусымда «Жибек жолы» сауда орталығында өткен суда абай бол акциясы кезінде көпшілікке қауіпсіздік туралы 100-ден аса буклеттер таратылды. Осындай қоғамдық іс-шараларға да белсене атсалысып отырған филиал ұжымының алдағы жоспарлары да ауқымды:
- «Әйтеке би» күре жолдық медициналық құтқару пункітін айнала қоршау, тік ұшақ алаңы аяқталмаған жұмыстарын жүзеге асыру. «Жосалы» күре жолдық медициналық құтқару пункітіндегі «Вилсон» маторын қоршау, айналма жолды жөндеу. Қыздың шұбары тас жолында, Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде, Жанақорған ауданы Бірлік пен Манап ауылдарының арасында күре жолдық медициналық құтқару пункітін ашуға ықпал жасау,-дейді филиал басшысы-дәрігер Қаракөз Балабекова.
Күре жолда адам өмірін құтқаруға атсалысқан ақ халатты абзал жандардың қызметі абыройлы бола берсін.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
бас маманы