ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СӘБИЛЕР ӨЛІМІ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ
2017 жылдың 6 айында облыста бала өлімі көрсеткіші 53,5%-ға төмендеді, ал ана өлімі бірде бір рет тіркелген жоқ. Бұл туралы облыстың бас дәрігері Ақмарал Әлназарова жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу брифингінде мәлімдеді.
Аталған мәселенің алдын алу мақсатында облыстық балалар ауруханасы жанынан ашылған 6 төсек-орындық неонаталды хирургия бөлімшесіне жергілікті бюджеттен бөлінген 42 млн теңге бөлініп, медициналық-құрал жабдықтар алынған.
- Ағымдағы жылдың 6 айында алғаш рет өңірде кеуде клеткасының деформациясына, жұлын-ми жарығы, жайылған перитонитке, бас сүйегі дефекттісіне, гидроцефалиямен туылған 21 нәрестеге ота жасалынды,- деді Ақмарал Әлназарова.
Сонымен қатар облыста 0-5 жастағы балалардың аурушаңдығын төмендету, өлім-жітімді болдырмау және балалардың физикалық-психикалық жетілуіне жақсартуға мүмкіндік туғызатын «Тиімді технологиялар тренингтік орталығы» ашылғандығын атап өтті.
- Орталыққа жергілікті бюджеттен 7 млн 500 мың тенге бөлініп, 1077 медицина қызметкерлері балалық шағындағы ауруларды ықпалдастыра емдеу бағдарламасымен оқытылды,- деді аймақтың бас дәрігері.
Оның айтуынша, бұл - медицина қызметкер арасында бала күтіме байланысты біліктілікті арттырып, аурушаңдық деңгейін ерте анықтауға мүмкіндік береді.