ДИХАНДАР СУБСИДИЯ АРҚЫЛЫ ТАБЫСЫН ЕСЕЛЕЙ ТҮСУДЕ
Биыл Шиелі ауданы бойынша 30 мың 80 гектарға егіс егілген. Оның ішінде дәнді-дақылдар 14 мың 584 гектар болса, күріш – 13 мың 352 гектарды құрайды. Күздік бидай – 1077 га, жаздық бидай – 100 га, тары – 55 гектар. Мал азығындық дақылдар – 9 мың 962 гектар. Оның ішінде: жаңа жоңышқа – 3 мың 32 га, ескі жоңышқа – 6 мың 867 гектар. Мал жемдік асқабақ – 63 гектар. Мақсары – 1 мың 205 гектар. Сондай-ақ, картоп – 1 мың 50 гектар. Көкөніс – 1 мың 285 гектар. Басқа да бақшалық дақылдар –1 мың 993 гектар жерге егілген.
Шаруалар, диқандар үшін жеңілдіктің бір түрі субсидия. 2017 жылы «тұқым» үшін деп, 86 млн. 591 мың 827 теңге, «минералды тыңайтқыш» үшін 150 млн. 750 мың 520 теңге, «басым дақылдарға» 233 млн. 508 мың 167 теңге, «гербицид» үшін 73 млн. 221 мың 355 теңге субсидия төленіпті. Бұл да болса көмек, қолдау екендігі даусыз. Аудан бойынша күздік бидайдың әр гектарынан 17,5 центнерден өнім алынып, 1 мың 884 тонна күздік бидай жиналса, жаздық бидайдың әрбір гектарынан 14 центнерден 140 тонна астық жиналған. Биыл шиелілік диқандар күрштік алқапқа 8 мың 800 тонна тыңайтқыш беріп, арам шөптерге 8 мың 600 кг/л гербицид сепкен. Шегіртке, дернәсілділерге қарсы 8 мың 665 гектар, жағалық шыбынға қарсы 2 мың 500 гектар жер ұшақтар мен басқа да техникалар қолданыла отырып өңделген.