ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШҚЫ АЛТЫ АЙДА АНА ӨЛІМІ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында, облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бағдарлама 7 бағыттан, 203 іс-шаралар және 28 нысаналы индикатордан тұрады.
Жоспардың басты мақсаты – облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтып, соңғы нәтиже басты нысаналы индикатор күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72,1 жасқа ұзарту болып саналады (республикалық көрсеткіш 72,2). 2017 жылға облыс бойынша межеленген жас - 71,91, республика бойынша - 72,2 жас.
2017 жылдың 6 айы бойынша денсаулық сақтау саласының негізгі индикаторлық көрсеткіштері: Жалпы өлім көрсеткіші былтырғы жылдың 6 айымен салыстырғанда 3,7% төмендеп, 1000 адамға шаққанда 2,6 құрады (2016ж-2,7).
- Ағымдағы жылы елді мекендердегі халыққа көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасын арттыру, уақытылы және қолжетімді болуын қамтамассыз ету, сондай-ақ, облыстық перинаталдық орталыққа түсетін күштемені төмендету мақсатында облысымызда бүгінгі таңда 2017ж 1-жарты жылдығында 2-аудан орталығының босану бөлімдері өңірлендірудің екінші деңгейіне өткізілді, олар Шиелі және Жалағаш аудандары, - дейді басқарма басшысы.