МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ - БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ!

Қызылордалық құтқарушылар материалдық көмек жинап, төрт баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ананың отбасына көмектесті. Балаларға мектеп құралдары, спорттық киімдер мен аяқ киім алынды.
- Егер Қазақстанның әрбір еңбекке жарамды азаматы тұрмысы төмен жанұялардын балаларына көмек қолын ұсынса, тағдыр өкпелеткен балалар қуанып қалатын еді. Әрбір балаға мектепке өз жолын табуға үлес қосайық, - дейді «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» құтқарушылары.