АСТАНА ӘУЕЖАЙЫН ЖАҢҒЫРТУҒА 29 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ - Н.НАЗАРБАЕВ
Астана әуежайын жаңғыртуға 29 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
«ЭКСПО-2017» қарсаңында біздерге Астананың көлік, инфрақұрылымын дамытуға назар аудару қажет. Біз қазірдің өзінде жолдар мен жылдам троллейбустарды дамытуды қарастырдық», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы астаналық әуежайдың өзінің ең жоғары өткізу шегіне жететіндігін атап өтті. Яғни, жылына бұл әуежай 3,5 млн. адамды қабылдайтын болады.
«Оның әлеуетін арттыру үшін 2015 жылы жаңа терминал салуға, әуежайдың ұшу-қону жолағын жаңғыртуға 29 млрд. теңге бөлуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті.