МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының 2017 жылдың 31 қаңтарында мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіруді тапсырған болатын.
Осыған байланысты, үстіміздегі жылдың 14 шілдесінде облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте қала, аудан әкімдеріне аудандық деңгейде құрылуы тиіс мемлекеттік сатып алу бөлімдерін ашу бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды.
Ал, басқармаға тапсырыс берушілердің бюджеттік инвестициялық жобалар шеңберіндегі сатып алуларын бірлесе зерделеп, жариялау туралы тапсырма берілді.
- Аталған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, басқарма ағымдағы жылдың шілде айындағы бюджет қаржысы бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алулар бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бірлесе жариялануда. Бүгінгі күнге облыстың тапсырыс берушілерімен 45 млрд. 558 млн. теңгенің 932 сатып алуы жарияланып, аяқталған 892 конкурс пен аукционның қорытындысымен 2 млрд. 286 млн. теңге үнемделді, - дейді облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанзира Ерсейітова.