«КАМБАЛА БАЛЫҚТЫҢ» ҚЫЗМЕТІ ҚАРҚЫНДЫ
Арал ауданындағы «Камбала-Балық» ЖШС отыз бес адам жұмыс жасайды. Жылына бір жарым мың тоннаға дейін балық өңдеуге мүмкіндігі бар. Ысталған, тұздалған және балық фаршын, сом етін шығарады. Өнімдеріне сұраныс та жоғары.
Кәсіпорын директоры Ш.Əбдуалиевтің айтуынша ысталған балықтар Ресей, Әзірбайжан, Грузия еліне жөнелтіледі. Зауыттың Кіші Арал теңізінде №2 учаскесі бекітілген, жылына 350 мың тоннаға дейін балық ауланады. Күзгі, көктемгі науқанда 70-80 адамға дейін еңбек етеді. Бұл аймақ экономикасының дамуына зауыттың қосып жатқан үлкен үлесі екені сөзсіз.