СУҒА ТҮСУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАЙЫҚ

Ауа-райының күрт ысуына байланысты су айдындарында адамдардың шомылу саны көбейеді. Олардың белгіленбеген жерлерде суға түсу фактілері орын алуда. Яғни, Департамент және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген рейдтің қорытындысына сәйкес 43 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Облыс көлемінде суда орын алған қайғылы жағдайларға негізгі себептер судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы, су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсуі және кәмелет жасқа толмаған балаларды ата-аналардың қараусыз қалдыруы болып отыр.