ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Аталған жиналысқа Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас мамандары азаматтық қорғау майоры А.Оразбеков және азаматтық қорғау капитаны Б.Спанов, ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ басшысының орынбасары М.Доспенбетов, ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы дәрігер А.Есахаев, психолог Ж.Досаева қатысып, өндіріс орындарында төтенше жағдайдың алдын алу, болдырмау, орын алған жағдайдағы іс-әрекеттері, адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері туралы түсінік берді.
Жиналысқа барлығы 22 басшы құрам қатысты.