ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Көрмеде сотталған Е.Нұрмағамбетов ағаштан ойып жасалған әшекей бұйымдар сақтайтын кішкене сандықша жасап, бірінші орынды еншілесе, Т.Құтмағамбетов қолдан өрілген қазақы қамшылармен екінші орынды иемденді.
Көрмені көруге келген көрермендер мен жеке кәсіпкерлер тарапынан сұраныстар түсіп, алдағы уақытта аталған заттарды көптеп жасау керектігі айтылды. Осы атқарылып жатқан іс-шаралардың барлығы сотталғандардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастырып, олардың қандайда бір құқық бұзушылықтарға жол бермей, өз болашағы өз қолдарында екендігіне көз жеткізу болып табылады. Бұл да болса, сотталғандардың қоғамға өздерінің қажеттілігін білуіне жасалған игі шара болды.
