ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫНА 150 ЖЫЛ
Қаладағы №18 жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты мен спорт алаңы абаттандырылып, төрт орталық көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады. Бес көше орташа жөндеуден өтіп, төрт көшеге бордюр салынып, жиектері асфальтталады.
Сонымен қатар Бөлекбаев, Алтынсарин, Б.Момышұлы, М.Рахашұлы, Ғ.Мұратбаев көшелеріне қиыршық тас төселеді деп жоспарлануда.
«Әйтеке би - Қазалы қаласы» аралығындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолының бойына және қаланың жөндеу жүргізілген көшелеріне жол жолақтарын сызып, жол белгілерін орнатуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінген. Барлығы 44 жол белгісі орнатылады деп күтілуде.