ТІГІН ЦЕХЫ – ТІРШІЛІК КӨЗІ

«Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы үш миллион теңге несие иеленіп, Арал қаласынан жеке кәсіпкерлігін ашқан, өз қаражатына жер алып, ғимарат тұрғызған Индираның еңбегі кім-кімге де үлгі. Осынау тігін цехында перделер, қыздың жасауы, киім-кешек, басқа да әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар тігіледі. Тапсырыстар қабылдайды.
«Келісіп пішкен тон, келте болмас» демекші кәсіпкердің басты демеушісі жары – Ғабиден Жұмашев. Әрдайым талабын қолдап, кәсібін жандандыруға қол ұшын созатын отағасына жарының да айтар алғысы шексіз. Индираның тігін цехы алдағы уақытта түйе жүнінен өнімдер шығаруды да жоспарлап отыр екен.


