ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС-ТІРШІЛІГІНЕН ШЫНАЙЫ ХАБАРДАР ЕТЕТІН ҮЛКЕН АҚПАРАТ КӨЗІ - БАУЫРЖАН БАЙБЕК
Ел халқынан келіп түскен өтініштердің басым бөлігі бойынша нақты шаралар қабылданды. Бүгін Астанада Елбасы, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында «Нұр Отан» Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.
«Нұр Отан» үшін ең бастысы - азаматтардың сенімі, оларды толғандырған мәселелердің шешімі, сондай-ақ халықпен тұрақты және тиімді байланыстың болуы. Осыған орай қоғамдық қабылдаулардың, электрондық партияның көмегімен және партия сарапшылық алаңдары мен барлық деңгейдегі фракциялардың белсенді жұмысы арқылы тұрғындармен жұмыс барынша жанданды. Партияның жетекшілігімен еліміздің әрбір ауданында мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, барлық деңгейдегі фракция депутаттары азаматтарды қабалдау өткізуде», - деп тоқталды Б. Байбек.
Оның сөзіне қарағанда, осы жылдың бірінші жартысында лауазым иелерінің жеке қабылдауы 4 есеге артып, 9 мыңнан асты. Осының нәтижесінде өтініштердің 70 пайызы бойынша нақты шаралар қабылданды. Барлық өтініштер ұдайы бақылауда тұр.
«Тұтастай алғанда , өткен жылы қоғамдық қабылдауға 800 мың адам қатысса, биылғы 9 айда олардың саны 500 мыңға жуықтады. Бұл біз үшін орталық пен жергілікті жердегі Сайлауалды тұғырнаманың орындалуын бақылай отырып, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінен шынайы хабардар болуға мүміндік беретін үлкен ақпарат көзі», - деді Б. Байбек.