ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
БҰҰ-ы (ЮНИСЕФ) Балалар қорынан Фиакра Макаси бастаған делегациясы мен Қазақстан бойынша үйлестірушісі Анар Ізден Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына келіп, шығармашыл шәкірттердің түрлі бағыттағы жұмыстарымен танысты.
Делегация мүшелері робототехника, қолөнер салалары бойынша жасалған көрмені жоғары бағалап, оқушылардың жұмыстарына және вокал үйірмесі шәкірттерінің өнеріне тәнті болды. Робототехника – бұл қазіргі таңдағы жаңалықтардың бірі, роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған механикалық, электрлік, компьютерлік инженерия элементтері бар сала.
Робототехника саласы бойынша оқушылардың білім алу деңгейінің жоғарылығына делегация мүшелері ерекше тоқталып, қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Г.Уалиева мен ұжымның тынымсыз еңбегін жоғары бағалады. Кездесу орталық шәкірттері мен қонақтарға жағымды әсер қалдырды.

