БАЛАЛАР САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙДЫ

Бұл іс –шара жас оқырманның қиялын жаулаған орыс халқынан шыққан балалар жазушысы К. Чуковскийдің «Мойдодыр» кітабына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылды. «Мойдодыр» ертегісі балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.
Атылмаш мерекеге қаламыздағы «Ералаш» балабақшасының «Звездочка» тобы қонаққа келді. Балалар сахналық қойылым қойып, өлеңдер оқып, жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысты. Іс – шара өте қызықты, тартымды өтті.
Соңында балалар жазушының шығармасы бойынша түсірілген «Мойдадыр» мультфильмін тамашалады.


