ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ» ӨТТІ
Жаз - балардың ең белсенді мезгілі. Сондықтан, ТЖ органдары қызметкерлері күн сайын балаларға – демалыс қауіпсіз болуы керек екененің еске салады.
18 тамызда «Меридиан» балалар шығармашылығы оқу орталығы қабырғасында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Қауіпсіздік сабағын» ұйымдастырды.
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлауынша, сабақ «Өрт тілсіз жау!» ұранымен өтті. Балалар өздері құтқарушылар рөлінде болып көрді. ТЖД қызметкері А.Алдажарова оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін жете түсіндірді. Жазғы экстремалды жағдайды ескерту әңгіменің жалғасы өрт кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері және жазғы демалыс кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі айтылып өтті.
Барлығына, үлкендер мен балаларға жедел қызмет телефон нөмірлерін білу қажет! Сондықтан балаларға үйдегі және ұялы телефоннан жедел қызмет шақыру және диспетчерге қалай хабарлау керек екенін үйретті.
Балалар осы іс-шараға белсенді қатысты, ал, ең ерекшеленгендерін құтқарушылар құрмет мадақтамалармен марапаттады.
Балалар да, үлкендер де осы сабаққа разы болды. Одан соң балалағар жадынамалар мен буклеттерді сыйға тартты. Аталмыш іс-шара жергілікті «Қоғам ТД» телеарнасында көрсетілді.