«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
«Тұтастай алғанда партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы даяр, бекітуге дайын. Егер қарсылық болмаса, оны дауысқа қоямын. Бұл құжатты Үкіметпен бірлесіп тағы қарастыру қажет, оған Президент Әкімшілігінің аппараты да қосылуы тиіс», - деді Н. Назарбаев.
Елбасының ұсынысымен бағдарлама жобасы дауысқа салынып, бірауыздан қолдау тапты.
«Партия аппаратына бағдарламаны жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Алдағы бір ай ішінде Үкіметпен бірлесіп бұл бағдарламаны жүзеге асырудың Жол картасын Саяси Кеңестің бюросына бекітуге беруді жүктеймін», - деді Н.Назарбаев.