КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ӨСІМ БАР
Қызылорда облыстық статистика департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы Мариям Баекеева қаңтар-шілде айында атқарған жұмыстарын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
Жалпы облыста 48843 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, дара кәсіпкерлер үлесі 74,9 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, шаруа қожалықтары – 12 пайызды, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 13,1 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 1 тамызына жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5,2 пайызға артқан.
- 2017 жылдың 7 айында 4,0 млн тонна мұнай өндірілді, бұл 2016 жылдың 7 айына қарағанда 12,1 пайыз кем. Өңдеу өнеркәсібінде 57 млрд. теңгенің өнімі өндірілді бұл өткен жылға қарағанда 3,0 пайыз артық, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру өңдеу өнеркәсібінің 101,9 пайызға артты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2017 жылғы қаңтар-шілдесінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 92,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 19,0 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың біршама үлесі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (38,5 пайыз), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (17,0 пайыз) және көлік және коймалау (16,2 пайыз) салаларына тиесілі. Тұрғын үй құрылысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 342,5 мың шаршы метрді құрап, 35,9 пайызға артты. Тұрғын үй құрылысына 14,7 млрд. теңге қаражат жұмсалды, - дейді департамент басшысы.