АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 1,5 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
Бұл туралы облыстық статистика департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы Баекеева Мариям Жәдігерқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2017 жылғы қаңтар-шілдеге 19,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға жоғары болды. Облыс бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алқабы 181,2 мың гектар жерге орналастырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға артық. Алқаптардың көп бөлігі – 53,9 пайыз дәнді дақылдардың, 33,2 пайыз азықтық дақылдардың, 4,0 пайыз бақша дақылдарының үлесінде.