СУҒА ТҮСУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ
Қызылорда қаласының су айдындарында - Сырдария өзені және көлдерде суға кету жағдайларын азайту, тоқтату мақсатында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қала әкімшілігі және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірігіп, күнделікті сағат 17.00-ден 21.00-ге дейін рейдтік аралау жұмыстары жүргізілуде.
Рейд барысында Қызылорда қаласының Ақмешіт мөлтек ауданы, Пищевик, Ягодка саяжайлары, Сталинский канал маңы /Тұран газ мекемесінің жаны/, Тәуелсіздік көшесінің бойы, Көксу жағажайы, Тасбөгет кентінің каналдары, Шіркейлі каналдары және Жаңадария каналдары қамтылуда.
Аралау барысында Тәуелсіздік көшесінің бойындағы Сырдария өзенінде бүгінгі күнге дейін 25 балалардың және Тасбөгет кентіндегі Сталинский каналда 105 балалардың белгіленбеген орындарда суға түсіп жатқан жағдайларын анықталып, дереу судан шығарып, үйлеріне қайтарылды.
Суға түсіп жатқан балаларға судағы қауіпсіздікті түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Қылышты баба» ЖК-дің «Сырдария толқыны» Көксу жағажайында суға түсіп жатқан демалушылар арасында да үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Үгіт-насихат жұмысы барысында 275 дана үнпарақ таратылды.
Рейдтік аралау жұмысы «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің дауысзорайытқыш орнатылған УАЗ автокөлігімен жүргізілуде.
Сонымен қатар, қаладағы көрнекті жерлеріне атап айтқанда, М.Шоқай және Яссауи көшелерінің бойында «Судағы қауіпсіздік ережелері» туралы 3 биллборд орнатылды.
Одан бөлек, Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ықпалымен қаладағы ірі сауда үйлер мен базарларға биллбордтар жасатып, көрнекті жерлерге ілу жұмыстары жүргізілуде. /Отырар базарының ғимаратында «Өрт қауіпсіздігі туралы» бильборды, «Асбол» базарына «Судағы қауіпсіздік туралы»/. Барлығы қалада 5 биллборд орнатылды. Сырдария жағалауында белгіленбеген жерге суға түсуге болмайтыны жөнінде 30 тақтайша орнатылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша баспасөз бетіне 4 мақала жарияланып, теледидар арқылы 4 рет сұхбат пен атқарылған шаралар көрсетілді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы