ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ 81,6 ПАЙЫЗЫ КЕН ӨНДІРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЛЕСІНДЕ
Бұл туралы және қаңтар-шілде айында атқарған жұмыстарын облыстық статистика департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы Баекеева Мариям Жәдігерқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
Жалпы, статистика департаментінің мәлімдеуінше, Қызылорда облысы экономикасының негізін құрайтын, өнеркәсіп өндірісімен 300-ге жуық кәсіпорын айналысып, 416 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өндірісінің 81,6 пайызы кен өндіру және карьерлерді қазу саласының үлесінде.